Керимкулова Балхия Жетпісбайқызы
««Д.Қонаев» атындағы ЖОМ» ЖШС директоры
Керимкулова Балхия Жетпісбайқызы 1969 жылдың 5 - қаңтарында Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Бостандық ауданының Қызыл - су ауылында дүниеге келген.
Физика пәнінің мұғалімі
«ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» атты төсбелгісімен марапатталған
Ұлттық иннвациялық ғылыми - зерттеу орталығының
І - дәрежелі диплом иегері
1995 жылы «Низами» атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институтын «Физика» пәнінің мұғалімі мамандығымен бітірген.
Балқия Жетпісбайқызы 1990 - 1994 жылдарда Ташкент облысы, Бостандық ауданы, Ғазалкент қаласында №1 «Абай Құнанбаев» атындағы орта мектепте физика пәнінің мұғалімі және тәрбиеші болып еңбек етті. Одан әрі № 34 «Қаныш Сәтбаев» атындағы жалпы орта мектебінде, №53 жалпы орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2011 жыл мен 2016 жылдар аралығында Тараз қаласында №33 «Айсәуле» балабақшасында әдіскер міндетін атқарды.
2016 жылдан бастап Шымкент қаласындағы №126 «Айнатас» білім беру мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2022 - 2023 оқу жылында аталған мектепте директордың уақытша міндетін атқарушы қызметін атқарды.
2023 жылдың қыркүйегінен ««Д.Қонаев» атындағы ЖОМ» ЖШС физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап осы мектептің директоры қызметіне тағайындалды.
2021 жылы білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» атты төсбелгісімен марапатталып, 1 - дәрежелі диплом табысталған.
Отбасылы, 3 перзенттің анасы.
Утегенова Сәуле Үсенбекқызы - Директордың Оқу ісі бойынша орынбасары
Утегенова Сәуле Үсенбекқызы 1976 жылы 11-қыркүйекте Сайрам ауданында дүниеге келген.
Тарих және география пәнінің мұғалімі, Кіші Ғылым Академиясының ІІІ-дәрежелі диплом иегері.
1999-2006 жылдары Алматы үздіксіз білім беру университетінде оқып, «Тарих және география» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білім алады.
Еңбек жолын 1996 жылдан Шымкент қаласындағы «Б.Саттарханов» атындағы ОДБСМИ мекемесінде хатшы, зертханашы, мұғалім қызметімен бастады.
2004 жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Құрлық ауылында №51 Ж.Қауалов атындағы жалпы орта мектебінде Директордың Оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2013 жылы Облыстық №1 «Дарын» мектеп-интернатында «Тарих және география» пәнінің мұғалімі болып істеді.
2015 жылыШымкент қ. №121 «Текесу» жалпы орта мектебінде«Тарих және география» пәнінің мұғалім» болып істеді.
2016 жылы Шымкент қ. №126 «Айнатас» негізгі орта мектебінде «Тарих және география» пәнінің мұғалімі еңбек жолын жалғастырады.
2022 жылдан бастап Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылдағы «Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебі» ЖШС-де «Тарих және география» пәнінің мұғалімі болып істейді.
Қазіргі уақытта Мектеп директорының Оқу ісі бойынша орынбасары болып қызмет атқарады.
Слонев Николай Анатольевич - Директордың Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Слонев Николай Анатольевич 1999 жылы 11-қазанындаТүркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылында дүниеге келген.
Жаратылыстану пәнінің мұғалімі
2005 жылы «А.Құрмантаев» атындағы жалпы орта мектептін табалдырығын аттаған. Мектепті 2017 жылы аяқтап, сол жылы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық Педагогикалық Университетінің «Жаратылыстану» факультетіне оқуға түседі.
Жоғары оқу орнын аяқтаған соң, 2021 жылы «Низамхан Сүлейменов» атындағы ЖОМ» ЖШС-не «Химия және биология» пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасады.
2022 жылды тамызында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылдағы «Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебі» ЖШС-на «Химия және биология» пәнінің мұғалімі болып ауысады.
Қазіргі уақытта Мектеп директорының Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады
Директордың Бастауыш сыныптар ісі бойынша орынбасары
Исраилова Клара Абдуганиевна 1971 жылы 14 - маусымда қазіргі Түркістан облысының Сайрам ауданы, Қарабулақ ауылдық округінде дүниеге келген.
1986 жылы Өзбекстан Республикасы Ташкент Педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Училищені үздік аяқтаған соң, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Түркістан облысының Сайрам ауданына қарасты «Г.Титов» атындағы жалпы орта мектебінде педагогикалық еңбек жолын бастайды.
2005 жылы Халықтар достығы ИГУ нің бастауыш сынып әдістемелігі факультетін бітіреді.
Қазіргі таңда «Д. Қонаев атындағы ЖОМ» ЖШС бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Отбасылы, 3 перзенттың анасы
Түзүлбаева Арайлым Тохмаратқызы - Директордың Әдістемелік-ұйымдастырушылық ісі жөніндегі орынбасары
Түзүлбаева Арайлым Тохмаратқызы 1989 жылы 3-қыркүйектеШымкент қаласында дүниеге келген.
Ағылшын тілі мұғалімі, магистр.
2004-2008 жылдары Гуманитарлық педагогикалық колледжінде «Шет тілдерін оқытушы» мамандығы бойынша кәсіби білім алады.
2008-2011 жылдары Академиялық Инновациялық Университетінде оқып, «Шет тілдерін оқытушы» мамандығы бойынша жоғары білім алып шығады.
Еңбек жолын Португалия елінде «Santa Casa Misericardia de Esposende» атындағы бала бақшада ағылшын тілі оқытушы болып бастайды.Сонымен қатар, осы елде «Henrique Medina» орта мектебінде ағылшын тілінің мұғалімі болып істеді.
2012 жылы елге оралып,«Шымкент қалалық қазақ тілін оқыту, салт-дәстүрледі және өнерді насихаттау орталығы» МКҚК-да ағылшын тілі оқытушысы қызметін атқарады.
2014 жылы тілдерді «Шымкент қалалық тілдерді оқыту, әдістемелік орталығы» МКК-да ағылшын тілі мұғалімі болып еңбек жолын жалғастырады.
2022 жылы Шымкент қаласындағы «Б.Момышұлы атындағы №44 Жалпы орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеді.
2023 жылдан бастап Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылдағы «Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебі» ЖШС-де ағылшын тілі мұғалімі болып істеді.
Қазіргі уақыттаМектеп директорының Әдістемелік-ұйымдастырушылық ісі бойынша орынбасары болып қызмет атқарады.




