Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

“Дінмұхамет Қонаев атындағы жалпы орта мектебі” 2022 жылдың қараша айынан бастап шәкірт тәрбиелеп келеді
Мектебімізде білім берумен қатар, көптеген үйірмелер жұмыс жасайды

Мектебіміздің мақсаттары мен міндеттері

Мұғалімдердің үздіксіз оқуына жағдай туғызу арқылы, оқушылардың оқу нәтижесін назарда ұстау арқылы олардың зияткерлігі мен шығармашылық ахауалын дамытуға ықпал ету. ББҰ - да жұмыс істейтін педагог кадрлардың үздіксіз кәсіби біліктілігі мен құзырлығын арттыру арқылы  төмендегі міндеттерге қол жеткізу:

1.«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету» басымдықтары негізінде ББҰ - ның жұмысын жоспарлау мен жүзеге асыру.

  1. «Орта білім беру сапасын арттыру: Қазақстанның өңірлері, қалалық және ауылдық мектептері арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты қысқарту» (PISA)» басымдықтары негізінде ББҰ - ның жұмысын жоспарлау мен жүзеге асыру.
  2. «Мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету» басымдықтары негізінде ББҰ - ның жұмысын жоспарлау мен жүзеге асыру.
  3. «Қолжетімді және сапалы техникалық, кәсіптік біліммен қамтамасыз ету» басымдықтары негізінде ББҰ - ның жұмысын жоспарлау мен жүзеге асыру.
  4. «Қазақстандық ЖОО - ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру» басымдықтары негізінде ББҰ - ның жұмысын жоспарлау мен жүзеге асыру.

Көзделген нысан:

Білім беру үдерісі аясында. Мектеп әкімшілігінің тиімді басқарушылық критерийлерін жақсарту арқылы төмендегідей негізгі міндеттерді жүзеге асыру.

Педагогикалық бағытта «Мықты орта» қалыптастыру.

  • Білім беру ұйымында «Корпоративтік оқыту» қисынында мұғалімдердің біліктілігін арттыру мектепішілік жүйесінің моделін қалыптастыру;
  • Білім беру ұйымындағы барлық педагог қызметкерлердің «Білімге негізделген қоғам» қалыптасқан, дағдылар мен ақпараттың тұрақты жаңартылуының мотивациясы, дамудың шешуші факторлары мен білім беру кеңінен алғанда қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамытудың міндеттерін табысты орындауға қол жеткізу;

Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

  • Өзінің даралығын сезініп, өзін - өзі дамыта білуге;
  • Өзінің қызметін бағалай білуге;
  • Түйіткіл мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білуге;
  • Өз алдына мақсат коя білуі және оны жүзеге асыра білуге;
  • Өз әрекетін басқару мен нәтижелерін бағалай білуге;
  • Өз бетінше алынған ақпаратты талдау және тиімді жақтарын таңдай білуге;

Түрлі өмірлік жағдайларын дұрыс саралай отырып, тиімді шешім қабылдай білуге;

Мемлекеттік рәміздер бөлімі:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер — бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы — Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай - ақ «Қазақстан» деген жазу — алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот - Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Әннің авторы — Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.