Дінмұхаммед Қонаев мектебінің ресми сайтына хош келдіңіздер!
Біздің мектебіміз - ғаламды жақсы жаққа өзгертуге қабілетті көшбасшыларды тәрбиелеуге жағдай жасайтын білім ордасы.
Мектеп ұжымында тәжірибелі және жас ұстаздар қызмет етеді. Біздің командамызда - бір мүдде, бір мақсат!
Педагогикалық ұжым үнемі жаңашылдыққа ұмтылыс үстінде, жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті оқу барысында қолданады, заманауи ақпараттық ресурстарды пайдаланады.Мектебімізұлтына қызмет ететін, алға ұмтылатын, қиындықтан қорықпайтын, өзіне, арманына сенетін тұлғаларға арналған.
Біздің сайтымыздан мектептің, педагогикалық ұжымының жұмыс бағытымен, оқу кестесімен, оқу бағдарламаларымен, мектепті дамыту бағдарламасымен, үйірмелер мен секциялар кестесімен таныса аласыз және кері байланыс үшін қысқа хат қалдыра аласыз.
Сайт сізге шынайы мектеп өмірінің атмосферасына енуге, «Дінмұхаммед Қонаев мектебі» деп аталатын ерекше елдің бір бөлігі ретінде сезінуіңізге көмектеседі деп сенеміз.
Сіздерге деген құрметпен мектеп басшысы Балхия Жетпісбайқызы.
Пікірлер қосу