Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

7-мамырда мектебіміздің оқушылары сынып жетекшілерімен бірге қасиетті Түркістан мекеніне саяхаттап қайтты. Жаңаша түрленген Түркістан қаласын тамашалап, тарихы тереңде жатқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап шықты. Оқушылар осы саяхаттан алған әсерлері керемет болғанын тамсана айтты. Ата-аналар да өз балаларының ел көріп, жер танып келген саяхаттарына дән риза. Мұндай тәлім-тәрбиелік мәні жоғары саяхат сапарын ұйымдастырғаны үшін мектеп басшылығына алғыстарын білдірді, ал ұстаздардың оқушыларға үлкен қамқорлықпен және жауапкершілікпен алып жүрген еңбектеріне жоғары баға берді. Оқушылар Түркістан қаласының айшықты жерлерінде естелікке суретке түсіп, қайталанбас күндердің әрбір сәтін сақтап қалуға тырысты. Мектеп басшылығы өз кезегінде алдағы күндерде де оқушылар үшін осыған ұқсас, берері көп, тағлымды саяхаттарды ұйымдастырып отырамыз деп ата-аналарды қуантты.