Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше.
Бұл онкүндікті өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушыларды дене тәрбиесімен және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, өз ойын жетілдіруге баулу. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалануы денсаулықтарын нығайтуға және өмірмен де тығыз байланысты екендігін түсіндіру.
Апталық кезінде түрлі сайыстар мен іс - шаралар өткіземіз. Сол іс - шаралар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын және құрметін оятуды мақсат етеміз. Бүгінгі онкүндік іс - шараларымыздың ашылуының өзі мереке деп қабылдаймыз!